Қазақстанға АЭС салу қажет – сарапшы себебін айтты

© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"Строительство атомной электростанции "Аккую" в Турции
Строительство атомной электростанции Аккую в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Жазылу
Осы орайда сарапшы Чернобыль және Фукусима апаттарын да еске салды
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. "Еуразиялық мониторинг" зерттеу орталығының директоры Әлібек Тәжібаев атом электр станциясының маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сарапшының айтуынша, халық Семей ядролық полигоны мен сол жердегі сынақтардың салдарын әлі ұмытқан жоқ. Дегенмен осы ұжымдық "психологиялық жарақаттан" құтыла білген адамдар бар. Олар атом энергиясының тиімділігін түсінеді. Қазақстандағы энергетикалық жағдайды да жақсы біледі. Жақын арада энергия тапшылығы болуы мүмкін. Ал атом электр станциясы өндіріс пен инфрақұрылымды ары қарай дамытуға мүмкіндік береді.
"Иә, адамдар экология үшін алаңдайды. Бірақ қазіргі атом энергетикасының даму деңгейіне қарасақ, қоршаған ортаға ешбір қауіп төніп тұрған жоқ. Атом станцияларынан көмірқышқыл газы және тағы басқа зиянды қалдықтар шықпайды. Сондықтан көмір мен мұнай жағатын дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда атом электр станциялары таза әрі қаупісіз", - дейді Тәжібаев.
Осы орайда сарапшы Чернобыль және Фукусима апаттарын да еске салды. Оның айтуынша, қазіргі кезде әлемде ондай реакторлар жоқ. Олардың бәрін алып тастады. Атом саласындағы технологиялар дамып кеткен. Ал инженерлер апатқа себеп болған технологиялық ақаулықтарды біледі. Сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқанын да ескеру керек.
Атом электр станциясының экономикалық тиімділігі де зор. Мәселен, Еуропалық одақтың жетекші мемлекеттердің бірі – Франция көптен бері атом энергиясын қолданып келеді. 2020 жылы ол жақта 56 өндірістік атом реакторы жұмыс істеп тұрған. Барлығының қуаты - 61,4 ГВт. Олар энергияның 70,6 процентін шығарады. Осының арқасында Франция энергия ресурстарын шетелден көп алмай, халық үшін тұрақты тарифтерді белгілей алады.
"Бізге осы мәселеге барынша сындарлы тұрғыда қарау керек. Бүгінде Ресей атом энергиясын өндіру бойынша әлемде Франциядан кейін екінші орында тұра. Осы елде атом электр станциялары барлық энергияның 20 процентін өндіреді. Еуропаға жақын жерде 30 процентке дейін жетеді, ал солтүстік-батыста – 37 процент. Ресейде басқа мемлекеттерде атом энергетика саласындағы нысандарды салу жағынан да жақсы тәжірибе бар. Мәселен, Бушердегі атом электр станциясы бар", - деп атап көрсетті Тәжібаев.
Бұдан бөлек, Түркиядағы Аккую атом электр станциясы бар. Осы жылдың аяғында дейін осы нысанның бірінші реакторын пайдалануға беру жоспарланып отыр. "Аккую" атом электр станциясының жобасын Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы жасап, өзі іске асырып жатыр.
Бүгінде ''Росатом'' пайдаланылған отынды, яғни, ядролық қалдықтарды қалдырмай, елден шығару міндетін де мойнына алған. Бүгінде Қазақстан да Түркияның тәжірибесін жан-жақты зерделеп жатыр. Ал осы саладағы бастамаларды іске асырса, Орталық Азияның энергетикалық хабы бола алады. Оған қажетті ресурстар да бар. Әлем бойынша өндірілетін уранның 40 проценті Қазақстанда шығарылады.
Айта кетері, Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Оны жалпыхалықтық референдумға шығарады. Референдумның уақытын президент белгілейді.
Шам - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2023
АЭС салынса, жарық бағасы қанша уақыттан кейін арзандайды
Жаңалықтар
0