Қаңтарда өрт қауіпсіздігі ережесі 2 мың рет бұзылған

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Жаңа жылдан кейін Қазақстанда ірі сауда кешендерінде өрт оқиғасы жиіледі
АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Биыл қаңтарда өрт қауіпсіздігіне қатысты 2 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлады Ranking.kz.
Бұл 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 45%-ке артық. 88,1%-інде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған. Сондай-ақ көліктегі өрт бойынша 200 факті тіркелген.
Бұған қоса қалдықтарды жинау немесе өртеу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған, су шаруашылығы құрылыстарының, сумен жабдықтау құрылғылары мен өртке қарсы жүйелері зақымданған, ормандарда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптар бұзылған.
Небәрі бір айдың ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатысты 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Негізінен қауіпсіздік ережелерін көп бұзған аймақтар: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары.
Жаңа жылдан кейін Қазақстанда ірі сауда кешендерінде өрт жиі тіркелген. Мәселен, Семейде "Ақшын", Алматыға полиэтилен бұйымдарының қоймасы және "Арлан" базары бірнеше рет өртенген.
"Өрттен 39 адам зардап шекті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7% -ке көп. Олардың арасында 1 студент, 1 ерекше қажеттіліктері бар адам және 3 зейнеткер болды", - деп жазды ақпарат порталы.
Қайтыс болғандардың ішінде 34 азамат қазақстандық, 2-уі ТМД, тағы екі адам өзге шетел азаматтары.
На печи – чайники, а рядом продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Қарағанды облысында өрттен төрт бала көз жұмды
Жаңалықтар
0