Астана мен Баку жаңа бірлескен энергетикалық жобаларды жүзеге асырады

© Public DomainАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Жазылу
Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы өтті
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Әзербайжан өзара тауар айналымын дамыту тұрғысынан жаңа энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға келісті, деп хабарлады Әзербайжан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Астанада Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы өтті. Отырысқа Әзербайжан тарапынан комиссияның тең төрағасы, энергетика министрі Парвиз Шахбазов бастаған делегация, Қазақстан атынан комиссияның тең төрағасы, көлік министрі Марат Қарабаев қатысты.
"Әзербайжан-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы тауар айналымын дамыту, инвестицияларды ұлғайту, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру, энергия ресурстарының транзиті, көлік-логистикалық ынтымақтастық, елдерімізді байланыстыратын Орта дәліз аясындағы ынтымақтастық, жасыл энергия дәлізі, Транскаспий талшықты оптикалық кабельдік желі жобасы тұрғысынан нәтижелі болды", - деп жазды Шахбазов әлеуметтік желіде.
Баспасөз қызметі 20-шы отырыстың қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ комиссияның 21-ші отырысын келесі жылы Бакуде өткізу мәселесі келісілді.
Жаңалықтар
0