Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленскийдің кеңсесі мен Ақ үй майдан шебіндегі жағдайды талқылады

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKY Киев орталық алаңы
  Киев орталық алаңы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Telegram каналында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен телефон арқылы ұрыс даласындағы жағдай мен Украина әскерінің іс-қимылын талқылағанын айтты.
"Мен Америка Құрама Штаттары президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлестім. Біз майдандағы қазіргі жағдайды және Украина қорғаныс күштерінің іс-қимылын талқыладық", - деді Ермак.
Ол сондай-ақ Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін нығайту мәселесі "өте өткір күйінде қалып отыр" деді.
Оның айтуынша, Салливан АҚШ президентінің әкімшілігі Киевке қаржылық көмек бөлу туралы келісімге тезірек қол жеткізу үшін конгрессмендермен диалогты жалғастырып жатқанын айтқан.
Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский ақпан айының басында – бұл қызметке тағайындалуына бірнеше күн қалғанда Украина әскері шабуылдан қорғанысқа көшкенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол майдандағы жағдайды күрделі әрі қауыртдеп бағалады.
Жақында Украина әскері бірқатар елді мекеннен, соның ішінде Авдеевка қаласы мен Херсон облысындағы Крынки ауылынан шегінді.
Жаңалықтар
0