Ақтөбеде 8 адам көлікте өртеніп кетті: жол апатына қатысты тың ақпарат шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Кенеттен ажал құшқан 8 адамның арасында 4 бала бар
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде 8 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты тың ақпарат айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кенеттен ажал құшқан 8 адамның төртеуі – бала. Оқиға 6 наурызда таңғы сағат 8:30 шамасында болған.
"Мұғалжар ауданының аумағына кіретін Ақтөбе - Астрахань республикалық маңызы бар автожолының 120 шақырымында Лада Ларгус пен Тойота Хайлюкс көліктері соқтығысқан. Лада Ларгус көлігі өртенген. Алдын ала ақпарат бойынша бұл көлікте жүргізушіні қоса алғанда 8 адам болған, оның ішінде Шұбаршы орта мектебінің 4 оқушысы болған", - дейді Темір ауданы әкімдігі.
Білім бөлімінің мәліметінше, 2 бала әжесімен бірге медициналық тексеруге, 1 бала әкесімен, 1 бала анасымен бірге отбасы жағдайына байланысты Ақтөбе қаласына жолға шыққан.
"Өте ауыр жағдай. Көлікте болған ер адам 12 жастағы баласымен болған, екінші отбасы әжесі мен 4-ші және 6-шы сыныпта оқитын екі немересімен болған. Тағы бір әйел адам бастауыш сыныпта оқитын баласын ертіп шыққан. Ал көлік жүргізушісі 1963 жылы туған, көлік жүргізуде тәжірибесі мол кісі", - дейді Шұбаршы ауылының әкімі Мәди Сүйіншалин.
Әжесі екі немересімен Мұғалжар ауданы Ақ кемер ауылына жерленеді, дейді әкімдік.
Қазіргі күні аудандық және ауылдық әкімдік пен мекемелер зардап шеккен отбасына материалдық көмек көрсетіп жатыр.
Ақтөбеде жол-көлік апатынан соң қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды - қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0