Былтыр Қазақстан 150 млн дана гүл импорттады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚызғалдақ
Қызғалдақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2024
Жазылу
Қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие болған раушандар өткен жылы 40,2 млн долларға 112 млн дана көлемінде әкелінген
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. 2023 жылы Қазақстан 61,1 млн долларға 149,8 млн дана көлемінде гүл импорттады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
"Импорттың ең үлкен көлемі Эквадорға тиесілі - Қазақстан мұнда 37,5 млн долларға гүл сатып алды. 2023 жылы Нидерландыдан жеткізілімдер 13,1 млн долларды, Кениядан 4,8 млн долларды, Колумбиядан - 3,4 млн долларды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие болған раушандар өткен жылы 40,2 млн долларға 112 млн дана көлемінде әкелінген.
Хризантема 7,6 млн долларға 15,8 млн дана көлемінде сатып алынды. Лилияның импорттық жеткізілімі 3,3 млн данадан сәл ғана асып түсіп, 1,5 млн долларға жуықтады. 6 млн данадан астам қалампыр1,2 млн долларға сатып алынды. 210,2 мың долларға 116,6 мың дана орхидея әкелінді
Қызғалдақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Қазақстанда гүлдің бағасы қаншаға қымбаттады
Жаңалықтар
0