https://sputnik.kz/20240307/elordalyq-eriktiler-ayelderge-1000-nan-asa-qyzgaldaq-syylaydy-42758122.html
Елордалық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды
Елордалық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап... 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T22:06+0500
2024-03-07T22:06+0500
2024-03-07T22:06+0500
мереке
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/03/02/32632459_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_722da3488789d3acae80c52f2c4c8f4a.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі."Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін", - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді."Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!" - деді Айнұр Смайылова.Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/02/32632459_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_6f0a7120eab5bec3ad1c2371d74cd12f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мереке, астана
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.
"Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін", - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.
"Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!" - деді Айнұр Смайылова.
Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.