Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша Германиямен ынтымақтасуға дайын

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуШанхай
Шанхай - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қытай Украинадағы әскери қимылдарды тезірек тоқтату үшін Германиямен ынтымақтасуға дайын, деп мәлімдеді Қытайдың Еуразия істері бойынша арнайы өкілі Ли Хуэй Германия сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Томас Баггермен кездесуінде.
Ли Хуэй 2 наурызда Украинадағы дағдарысты шешуге көмектесуге бағытталған Еуропаға екінші сапарын бастады. Ол Мәскеуде, Брюссельде, Киевте, сонымен қатар Польшада болды.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ли Хуэй мен Баггер Қытай-Германия қарым-қатынасы, Украина дағдарысы, бейбіт келіссөздер процесі бойынша ашық әрі терең пікір алмасты.
"Қазіргі қақтығыстың өршу қаупі халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Қытай мен Германияның ортақ мүдделеріне сәйкес келмейді. Қытай барлық тараптың тең қатысуымен бейбіт конференцияны дер кезінде өткізуді бірлесіп қолдау үшін және атысты тоқтатуға мүмкіндігінше тезірек жол ашу үшін Германиямен ынтымақтасуға дайын", - деді Ли Хуэй.
Ал Баггер Қытай мен Германия дағдарысқа, одан әрі жасалатын қадамдар мен бейбіт келіссөздер болашағына қатысты бір шешімге келе алатынын атап өтті.
"Біз бұл мәселе бойынша Қытаймен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайынбыз", - деді ол.
Өткен ақпанда Қытай билігі Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты позициялық құжат жариялады, онда 12 тармақ бар, соның ішінде атысты тоқтатуға шақыру, барлық елдің заңды қауіпсіздік мүдделерін құрметтеу және Украинадағы гуманитарлық дағдарысты шешу жолдары көрсетілген.
Жаңалықтар
0