Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина армиясы Ресейге үш бағытта басып кірмек болды – РФ қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Виктор Антонюк / Медиабанкке өту САУ 2С7 "Пион" жұмысы
 САУ 2С7 Пион  жұмысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Басып кіру әрекеті сәтсіз аяқталды, Украина армиясы 60 сарбазынан, үш танкі және броньдалған тасымалдаушы техникасынан айырылды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Украина әскері Ресейге бір мезгілде үш бағытта басып кіруге әрекеттенді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
"Украина құрылымдары танктер мен броньдалған тасымалдаушы техникасымен Ресей Федерациясының аумағына үш бағытта бір уақытта басып кіруге әрекеттенді", - делінген хабарламада.
Одноробовка, Нехотеевка және Сподарюшино елді мекендері арқылы басып кіруге әрекет жасады, деп хабарлады министрлік.
Бұған дейін Украина әскері азаматтық нысандарды атқылаған.
"Украина қарулы күштерінің барлық шабуылы тойтарылды. Қарсыласқа авиация, зымыран және артиллериядан соққы берілді", - деп атап өтті РФ қорғаныс министрлігі
"Мемлекеттік шекараны бұзу фактілері болған жоқ", - делінген хабарламада.
Украина жағындағы шекаралық аумақта, Одноробовка ауданында 60-қа жуық украиналық жауынгер, Нехотеевка ауданында үш танк пен бір броньдалған тасымалдаушы техника, Сподарюшино ауданында екі танк жойылды.
Сонымен қатар қорғаныс министрлігі Курск облысының Теткино ауданындағы шекаралық аумаққа кіруге әрекеттенген украиналық диверсиялық-барлау топтарының төрт шабуылына тойтарыс берілгенін хабарлады.
Жаңалықтар
0