ҰҚШҰ-да стратегиялық командалық-штабтық дайындық жүріп жатыр

© пресс-служба ОДКБҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуда
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Оқу-жаттығу – ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2024" оқу-жаттығуына дайындық кезеңдерінің бірі
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. 2024 жылдың 12-13 наурызы аралығында ҰҚШҰ-да стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығуды Біріккен штаб бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков басқарады.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов оқу-жаттығу "күрделі халықаралық жағдайда өтіп жатқанын" атап өтті.
"Әлемнің әртүрлі аймағында ескі қақтығыстар өршіп, шиеленістің жаңа ошақтарын арандатып жатыр, оның ішінде ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы да бар. Қазіргі дағдарыстар гибридті сипатқа ие болып отыр, оларды шешу үшін кешенді тәсілдер қажет", - деді ол.
Тасмағамбетов оқу-жаттығудың маңызды мақсаттарының бірі – дағдарысқа қарсы ұжымдық іс-қимылдың алгоритмін нақтылау және олардың тиімділігін бағалау екенін атап өтті.
ҰҚШҰ символикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2024
Иманғали Тасмағамбетов пен Ерлан Қошанов ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты талқылады
Жаңалықтар
0