Астанада Наурыз мерекесіне орай кітап көрмесі ашылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
Көрмеде Шығыс елдеріндегі Наурыз мерекесі, тарих және мәдени дәстүрлер туралы жарияланымдар ұсынылды
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған "Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары" атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Көрмеде Шығыс елдеріндегі Наурыз мерекесі, тарих және мәдени дәстүрлер туралы жарияланымдар ұсынылды.
"Биыл Наурыз мейрамы елімізде жаңа бағытта аталып өтіп жатыр. Мерекелік іс-шаралар Көрісу күнімен басталды, оған біздің кітапхана қызметкерлері белсенді қатысты.15 наурызда көрме ашылды. Наурызнаманың онкүндігінде кітапханада тақырыптық іс-шаралар өткізіледі", – деді Ұлттық академиялық кітапхананың ақпараттық мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Күләш Оразова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме келушілер үшін күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ашық және наурыз айының соңына дейін жалғасады.
Фестиваль кочевой цивилизации проходит в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады
Жаңалықтар
0