Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

РФ президентінің сайлауы: Алматыда дауыс беру уақыты бір сағатқа ұзартылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевГраждане России голосуют в Астане на выборах президента РФ
Граждане России голосуют в Астане на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуі керек еді
АЛМАТЫ, 17 наурыз - Sputnik. Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы президент дауыс беру уақыты ұзартылатынын хабарлады.
"Азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының № 8133 және 8134 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары Ресей Федерациясының Президентін сайлауда дауыс беру уақытын жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуі керек еді. Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығында сайлауға қатысуға ниет білдірген Ресей азаматтарының кезегі пайда болды. Астанада да үлкен кезек қалыптасты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдіктерінде Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де Ресей президенті сайлауына дауыс беру басталды.
Алматыдағы Ресей президентінің сайлауына арналған сайлау учаскелері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
Алматыда Ресей президенті сайлауында дауыс беру қалай өтіп жатыр – фото
Жаңалықтар
0