Білім

Наурыз айындағы ҰБТ: 50 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

© Sputnik / Абзал КалиевЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Жазылу
Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика"
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ басталғаннан бері 59 мыңнан астам адам тест тапсырды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Орталықтың мәліметінше, талапкерлердің 71,49%-ы қазақ тілінде, 29,39%-ы орыс тілінде, 70 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.
ҰБТ басталғалы шекті балды 69,26% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,08 балды құрады. Ең жоғары балл – 137.
"Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Математика-Физика" 17,38% және "Биология-Химия" комбинациясын 15,91%-ы тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 11,75%-ы таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді", - деп атап өтті орталық.
Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 76 адам тапсырған.
Бүгінгі таңда 81 ереже бұзушылық анықталған.
"Оның ішінде 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - деп хабарлады орталық.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптада 148 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Орталық талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алатынын еске салды. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Айта кетері, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Жаңалықтар
0