Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Жазылу
Әз-Наурыз мерекесінде сахна төрінде өнер саңлақтары көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады
АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында Наурыз мерекесіне орай ерекше балалардың концерті болды. Би билеп, ән салған өнерпаздардың халыққа арнаған сый-тартуын Sputnik Қазақстан тілшісі де тамашалап қайтты.
Бүгін қарасайлықтар үшін ерекше күн. Өйткені Әз-Наурыз мерекесінде сахна төрінде өнер саңлақтары көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Негізі аудандық бұқаралық шара таңғы тоғыздан басталды. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты балалар мерекесі аудандық мәдениет үйінде өтті.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
"Балаларға базарлық" акциясы аясында балалар концертінде ерекше күтімді қажет ететін 40-қа жуық өнерпаз сахна төрінде би билеп, ән салады. Коляскаға таңылған балаларымыздың арасында тұнып тұрған таланттар көп", - дейді Қарасай аудандық мәдениет үйінің директоры Анар Бөлекбаева.
Оның айтуынша, аудандағы саңыраулар қоғамдық клубымен ерекше балалар тығыз қарым-қатынаста. Негізі мұндай аудандық шаралар тек Ұлыстың ұлы күні емес, жылына кемінде 60 рет өткізіледі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
1/2
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
2/2
Алматы облысында Наурыз мерекесінде ерекше балалар өнер көрсетті
"Біз алдағы уақытта ерекше күтімді қажет ететін балалар, соның ішінде саңырау, есту қабілеті нашар балаларды вокалға қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Қазір олар ым-ишарамен ән айтады. Оны балаларға жаттату қиын, яғни есту қабілеті нашар адамдарға әнді үйрету қиын. Сондай балалардың талантын ашу үшін заманауи техника алғымыз келеді. Ондай техниканың түрі көп. Соны аудан әкімдігіне ұсынып жатырмыз", - дейді Анар Бөлекбаева.
Талантты ерекше балаларға жергілікті қалталы азаматтар қолдау көрсетіп, концерт соңында сый-сияпат жасады.
Жаңалықтар
0