Спорт

Мен отставкаға бүгін-ақ кетер едім – футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері

© Sputnik / Владислав ВодневТренер ФК "Шахтер" Магомед Адиев
Тренер ФК Шахтер Магомед Адиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Жазылу
Қазақстан құрамасының бас бапкері Грекиядан жеңілу себебін түсіндірді
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиядан ойсырап жеңілгеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Біз матчтың басталуына дайын емес едік. Алғашқы минуттарда қысым болатынын түсінгенмен, белгілі бір әрекетті жасауымыз керек еді, бірақ нәтиже болмады. 15-минутта есеп 0:2 болды да, бірінші таймда біз ойынға қайта орала алмадық. Қарсылас өз шабуылдарын ширақ жасады. Бірақ психологиялық тұрғыдан ішкі қысымымыз бен қарсыластарымыздың қысымына төтеп бере алмадық деп ойлаймын", - деді Адиев.
Бас бапкер ойын жоспары және неліктен дәл осы құраммен шыққанын да түсіндірді.
"Біз тактикалық тұрғыдан сәл гибридті схеманы қаладық. Грекия біршама тігінен ойнайды және олардың енін созу қажет болды. Чесноков пен Астанов қарсыластың шабуылы мен тірек аймағын кеңейтуге керек еді. Бұл жерде Зайнутдинов бос орында орталық аймақта қысым көрсетуі үшін керек болды. Жалпы біз шетте қалып кеттік. Алға дұрыс жылжымадық. Жаттығуда және бақылау ойынында команда қалай әрекет ету керектігін түсінді. Бірақ бірінші таймда мен командаға бергім келген стиль болмады. Бұл мен мұны тиісті деңгейде жеткізбедім дегенді білдіреді және бұл – менің кінәм. Біз тым көп қателік жібердік. Мұндай қателермен бірдеңені талап ету мүмкін емес", - деді Адиев.
Сонымен қатар бас жаттықтырушы ұлттық құрамаға шынымен де жастар керек екенін, үлкен турнир үшін жылдамдық пен қарқын қажет екенін айтты. Ол бүгінгі ойында құрамаға ұжымдық қарым-қатынас жетіспегенін мойындады.
"Мен Еуропа чемпионатына дейін ешқайда кетпейтінімді айттым. Уәдемді толығымен орындадым деп есептеймін. Осыдан кейін мен өзім дайынмын ба, федерация келесі циклге дайын ба деп ойлануым керек. Әділет Барменқұловпен сөйлеспейінше шешім қабылдамаймын, өйткені бұл кісі мені қызметке тағайындағанда тым көп күш салды, барлық сыннан өтті. Жалпы халық бізге үлкен жігер берді, қолдау көрсетті, сіздерге алғысым шексіз. Қазақстан мен үшін көп нәрсе жасады. Мен сынды абыроймен қабылдаймын, еш қиындықсыз, жеңіліс толығымен менің жауапкершілігімде, мен үшін бұл өте ауыр. Мен бүгін-ақ отставкаға кету туралы өтінішімді берер едім. Мені тежейтін жалғыз нәрсе – федерация президенті . Онымен сөйлеспей, шешім қабылдай алмаймын. Бірақ мен кез келген сынға ашықпын", - деді Адиев.
Жаңалықтар
0