Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Алматы облысында "Daewoo" көлігі мен "DAF" жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Трагедия 23 наурызда сағат 14:45 шамасында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 2 460 шақырымында болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес "Daewoo" көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, "DAF" жүк көлігімен соқтығысқан.
"Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды", - делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" ұжымы автокөлік жүргізушілерінен аса мұқият болуды және жол ережелерін қатаң ұстануды сұрады.
Жаңалықтар
0