Крокустағы терактіде 60-тан астам адам қаза тапты

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуТеракт в "Крокус Сити Холле"
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, атыстан кейін жарылыс болып, өрт Крокусты түгелдей шарпыған
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Мәскеудегі "Крокус" орталығында болған теракт салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлады Тергеу комитеті.
ФСБ мен ІІМ қызметкерлері лаңкестерді іздеп жатыр, деп жазады РИА Новости. Ел астанасында көшелерінде және Мәскеу облысының жолдарында күшейтілген патрульдік кезекшілік жүргізілуде.
Қолында пулеметтері бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды.

"Екінші және үшінші қоңырау аралығында кем дегенде үш камуфляж киген және бетпердесіз ер адам партер арқылы жүгірді. Олар автоматты қарудан оқ жаудырып, граната мен тұтандырғыш лақтырды.Адамдар еденге жатты. 15-20 минуттан соң олар жорғалап шыға бастады", - деді төтенше жағдай орнында болған РИА Новости тілшісі.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.Төтенше жағдай орын алған жерге бірден ондаған жедел жәрдем және өрт сөндіру бригадалары, полиция, Ресей Ұлттық гвардиясы, Тергеу комитеті мен прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ФСБ жедел қызметкерлері мен арнайы жасақ шықты.
Ғимарат қоршауға алынды, ішінде қатты өрт болған, салдарынан адамдар шыға алмаған. Құтқарушылар кейін жертөледен жүзге жуық адамды алып шықты. Дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін Мәскеу мен облыстың ауруханаларына жіберді.
Куәгерлердің айтуынша, атыстан кейін жарылыс болып, өрт Крокусты түгелдей шарпыған.
Жаңалықтар
0