"Росатом" "Атомэкспо-2024" форумында жаңа қалқымалы АЭС жобаларын ұсынды

© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"Строительство атомной электростанции "Аккую" в Турции
Строительство атомной электростанции Аккую в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2024
Жазылу
Қалқымалы энергия блокты АЭС - қуаты аз атом энергетикасы саласындағы "Росатом" жұмысының негізгі бағыттарының бірі
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы "Атомэкспо-2024" халықаралық форумында қалқымалы АЭС, оның ішінде халықаралық тапсырыс берушілер үшін жаңа жобалар желісін ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Қалқымалы энергия блокты АЭС - қуаты аз атом энергетикасы саласындағы "Росатом" жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Қалқымалы атом электр станциялары жағалауда және шалғай аудандарда, аралдарда, порттарда, сондай-ақ агломерацияларда жұмыс істеуге арналған. Олар тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорындар мен салынып жатқан ірі объектілерді энергиямен жабдықтайды. ПЭБ-106 базасындағы қалқымалы атом электр станциясының жобасы қазіргі күні Ресейде Чукоткадағы Баим тау-кен байыту комбинатын электрмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатыр.
"Росатом" халықаралық нарық үшін екі реакторлы РИТМ-200М қалқымалы ПЭБ-100 атом электр станциясын ұсынады. Оның 100 мегаваттық электр қуаты бар. Ал Ресей нарығы үшін РИТМ - 200С екі реакторлы ПЭБ - 206 қалқымалы станцияны ұсынады, оның 106 мегаватт электр қуаты бар. Сондай-ақ РИТМ-400М екі реакторлы тағы бір ПЭБ-180 қалқымалы станциясын ұсынады, оның 180 мегаватт электр қуаты бар.
ПЭБ-100 өмірлік циклі 60 жылға, ПЭБ-106 және ПЭБ-180 40 жылға арналған.
"Атомэкспо" - атом энергетикасы бойынша ең ірі халықаралық форум, онда әлемдік атом саласының қазіргі жағдайы талқыланып, оның ары қарай даму трендтері қалыптасады. "Росатом" - "Атомэкспо" ұйымдастырушысы.
Жаңалықтар
0