Жамбыл облысында көпқабатты үйден 14 адам эвакуацияланды

© Photo : МЧС КазахстанаПожар на барахолке
Пожар на барахолке - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2024
Жазылу
Оның 5-еуі – бала
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысының Тараз қаласында көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
3-қабаттағы пәтердің балконында өрт болып, 5 шаршы метрге жайылған. Тілсіз жау сағат 13:59-дасөндірілді.

"ТЖД күшімен 14 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5-еуі – бала. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - дейді ведомство.

Өртті сөндіруге27 қызметкер және 9 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0