Президент әлемдік қаржы жүйесінде таңдаулылар ғана пайдаға кенеліп жатқанын ашық айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев выступает на Боаоском азиатском форуме
Токаев выступает на Боаоском азиатском форуме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Тоқаев әлемдік қаржы жүйесіне де жаңа тәсілдер қолдану керек деп санайды
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Әлемге әділ сауда және қаржы жүйесі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген жаңа әрі көпжақты сауда жүйесі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға жол ашады.
"Бүгінде сауда кедергілерінің көбеюі, протекционизм мен келісімдердің бұзылуы жаһандық экономикаға айтарлықтай қиындық туғызып отыр. Бұл түйткілдерді шешу үшін әділетсіз сауда кедергілерін жойып, цифрландыру арқылы жеткізу тізбегінің ашықтығын арттыру қажет",– дейді Тоқаев.
Президент әлемдік қаржы жүйесіне де жаңа тәсілдер қолдану керек деп санайды.
"Қаржы жүйесінде тек таңдаулылар ғана пайдаға кенелмей, барлық елге тең мүмкіндік берілуге тиіс", - деп атап көрсетті президент.
Осы орайда Тоқаев Азиядағы алып облигациялар нарығы көптеген даму жобаларына қолдау көрсететін әлеуетке ие екенін ерекше атап өтті. Еуразиялық даму банкі жаңа қаржылық инвестициялық құрал ретінде панда-бондтардың бірінші легін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жаһандық инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру үшін аса маңызды болуы мүмкін.
Жаңалықтар
0