Қостанай облысының екі ауданы мен Арқалық қаласында төтенше жағдай енгізілді

© PhotoАркалык
Аркалык - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Ведомство мәліметінше, су басқан аймақтардан 390 адам эвакуацияланды
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство мәліметінше, су басқан аймақтардан 390 адам эвакуацияланды. Оның ішінде Арқалықтан 307, Амангелді ауданынан 37, Жангелді ауданынан 46 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Облыс бойынша соңғы тәулікте 57 484,5 шаршы метр су сорылды. Су тасқыны кезеңінде 2,5 тонна инертті материалдар төселді.
"Барлығы 676 адам, 215 бірлік техника, 77 мотопомпа, 8 жүзу техникасы, Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің 4 ұшағы, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҰҚК шекарашылары, Қазавиақұтқару мамандары, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылды.
Еске салсақ, бүгін түнде Қостанай облысының тоғыз қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өтті.
Жаңалықтар
0