"SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі өткен": Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

© Photo : СС0 / Ramon López CalvoМобильный телефон в руках
Мобильный телефон в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Алаяқтар осы код арқылы жеке деректерге қол жеткізеді
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Павлодар облысының полициясы тұрғындарды SIM-карталардың жарамдылық мерзімі өткені туралы хабарлайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында полицияға осындай алаяққа алданып, жеке деректері қолды болған азамат хабарласқан. Өзін ұялы байланыс операторы деп таныстырған адам тұрғынның SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы хабардар еткен. Смс-код арқылы мерзімді ұзартуды ұсынған. Қоңырау шалушыға сеніп, азамат кодты енгізген. Алаяқтар осы код арқылы оның жеке деректеріне қол жеткізген және оның атына несие рәсімдеген.

"Сондықтан азаматтардың сақтық танытуы және мұндай қоңырауларға сенбеуі өте маңызды. Егер сіз қоңырау шалушыға сенімді болмасаңыз, ешқашан жеке деректерді бермеуіңіз және телефон арқылы алынған кодтарды енгізбеуіңіз керек. Күдік туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет", - дейді криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Полицияның мәліметінше, осындай алаяқтықтардан қорғану үшін SIM-картаның статусын нақтылау мақсатында ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне тікелей хабарласу керек.
Жаңалықтар
0