Су тасқыны: Ақтөбе облысында материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылды

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Ақтқбе облысының әкімі ешбір адам назардан тыс қалмайтынын айтты
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аймақта су тасқынынан зардап шеккендердің материалдық шығынын есептейтін комиссия құрылғанын мәлімдеді.
Облыс басшысы табиғаттың тілсіз апаттарына ешкім тосқауыл бола алмайтынын, жауын-шашын жағдайды қиындатып жібергенін айтқан.
"Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше аудандарға барып келдім, бүгін қаланы аяқтай жүріп қарап шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлықтары үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды",- деп атап өтті өңір басшысы.
Қазіргі уақытта қала және 12 ауданның әкімдері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз де, түнде де жұмыла жұмыс істеп жатыр, күшейтілген тәртіпке көшірілген.
Асхат Шахаров осындай сын сағатта ақтөбеліктерді сабырлыққа шақырып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Абай облысында бір ауыл байланыссыз қалды: жалғыз көпірді су шайып кетті
Жаңалықтар
0