Ұлттық банк футболдан Еуропа чемпионатына арналған монеталарды айналымға шығарды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҚазақстан Ұлттық банкінің ғимараты
Қазақстан Ұлттық банкінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Монеталардың сатуға шығарылатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі "Спорт" сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары айналымға шығарылатынын хабарлады.
© Photo"Спорт" сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары
Коллекционные монеты UEFA EURO 2024 из серии Спорт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
"Спорт" сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары
Монеталар футболдан Еуропа чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға UEFA ресми лицензиясының иегері MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) неміс нумизматикалық компаниясымен әріптестік негізде дайындалды.
"Монетадағы футбол добы жер шарын бейнелейді. Допта чемпионат матчтары өтетін қалалар белгіленген Германия картасының контуры бейнеленген. Доптың сыртында турнирдің финалдық бөлігіндегі командалардың санын білдіретін 24 жұлдыз бар", - деп жазылған ұлттық банктің хабарламасында.
Монеталар күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Мұнда жоғары бедер мен алтын жалатуда жаңа технология қолданылып отыр. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындау сапасы – proof және anti-proof. Монетаның номиналы – 100 теңге, жалпы таралымы – 2 500 дана. Қазақстанның ішкі нарығы үшін монета таралымы – 1 500 дана, сыртқы нарық үшін (жоба серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 1 000 дана.

Монетаның бейнесі

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады. Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірленген сапа сертификаты бар кәдесый қаптамасында шығарылады.
Жаңалықтар
0