Қазақстанның 26 елді мекенінде көлік қатынасы тоқтатылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Акмолинской областиКоммунальщики откачивают талую воду помпой
Коммунальщики откачивают талую воду помпой - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
24 автожолды су шайып, 84 жол төсемі су астында қалды
АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Қазақстанның 7 өңіріндегі 26 елді мекенге көлік жүрмейді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
29 наурыз сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 439 жеке тұрғын үй, 334 аула аумағы және 75 саяжай су астында қалған.
"Сондай-ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы 24 автожолды су шайып, 84 жол төсемі су астында қалды. Бүгінгі таңда еліміздің 7 өңіріндегі 26 елді мекенге көлік жүрмейді", - дейді ведомство.
Су басқан елді мекендерден 4 733 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 1 686-сы – бала. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттеріне 2 992 адам орналастырылған. Оның ішінде1001 бала бар.
Төтенше жағдайлар министрлігі, қорғаныс мининистрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті және ұлттық ұланның әуе кемелерімен 586 адам құтқарылды. Оның ішінде 216 бала бар. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 2,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 162 мыңнан астам қапшық және 33 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам және 3000 техника мен 12 әуе кемесі жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0