Шығыс Қазақстанда құтқарушылар тұрғындарды қайықпен тасымалдап жатыр

© Photo : МЧС КазахстанаНа вертолете "МИ-8" проведено аэровизуальное обследование паводкоопасных мест Восточно-Казахстанской области
На вертолете МИ-8 проведено аэровизуальное обследование паводкоопасных мест Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Соңғы екі күнде 60-тан астам тұрғын тасымалданды
АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары су басқан жолдан тұрғындарды қайықпен өткізіп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Күршім ауданында Топтерек ауылынан төрт шақырым жерде қардың еруі салдарынан бұлақ үстіндегі көпірдің бетонды конструкцияларын шайып кеткен.
ТЖД күштері тұрғындарды қайықпен тасымалдауды ұйымдастырды. Соңғы екі күнде 60-тан астам тұрғын тасымалданды. Жергілікті атқарушы орган айналма жолды төсеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Су басқан аймақтарға Ұлттық ұланның сарбаздары көмекке барды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Су тасқынына қарсы күрес: өңірлердегі жағдай қандай - видео
Жаңалықтар
0