Ақтауда NOMAD MMA турнирінде спортшы қайтыс болды

© Sputnik / Дархан МусинММА-ден Қазақстан чемпионаты. Архивтегі фото
ММА-ден Қазақстан чемпионаты. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Ақтауда өткен NOMAD MMA турнирінде 17 жастағы спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Lada.kz.
Қайғылы оқиға 31 yаурызда "Батыр" спорт кешенінде NOMAD MMA бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы облыстық чемпионат кезінде болған.
Әлеуметтік желіде қайтыс болған спортшының қарсыласымен жекпе-жегі тарап кетті.
The Nomad MMA федерациясының айтуынша, марқұмның денсаулығының жарамды екені туралы арнайы медициналық анықтамасы болған.
"Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті "Батыр" спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті, оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ, өкінішке орай, жасөспірімді құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтамасы болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттейді", - деді федерация.
Nomad MMA – аралас жекпе-жек стиліндегі спорт түрі, онда жауынгерлер қолмен және аяқпен соққы техникасын, сондай-ақ күрес техникасын пайдалана отырып, айқасады. Жалпы турнирге 300-ге жуық спортшы қатысқан.
Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
Қазақстанда ММА жекпе-жектерін көрсетуге шектеу қойылады – министр
Жаңалықтар
0