Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Татарстанда ұшқышсыз ұшақтар азаматтық нысандарға шабуыл жасады

© AP Photo / Kirsty Wigglesworth, FileАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Нақтыланған мәлімет бойынша үш ұшқышсыз ұшақ Татарстан аумағындағы әртүрлі нысандарға шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости төтенше жағдайлар қызметінің өкіліне сілтеме жасап.
"Бірінші камикадзе-дрон Нижнекамсктегі "Танеко" зауытына шабуыл жасады. Екіншісі 05.40-та Елабугадағы арнайы экономикалық аймаққа, ал үшіншісі 06.15-те Елабугадағы "Алабуга-Политех" білім беру орталығына шабуыл жасады", - деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Оның айтуынша, ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан қаза тапқандар жоқ.
Бұған дейін Татарстан билігі сейсенбі күні Елабуга мен Нижнекамсктегі кәсіпорындарға ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуыл жасағанын хабарлады. Алты адам жарақат алды.
Ресми мәлімет бойынша ешқандай ауыр зақым жоқ, кәсіпорындардың технологиялық процесі бұзылмаған.
Жаңалықтар
0