Шығыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен балықшылар құтқарылды

© Sputnik / Пресс-служба ДЧС Алматинской областиРыбаков на отколовшейся льдине спасли на Капшагае
Рыбаков на отколовшейся льдине спасли на Капшагае - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2024
Жазылу
Оқиға 6 сәуірде болған
АЛМАТЫ, 7 сәуір - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында Сібе көлдерінде екі балықшыны жақын маңдағы адамдар құтқарып қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 6 сәуірде болған.
"Балықшының бірі мұз үстінде жүріп келе жатып, төмен түсіп кетті. Өскемен қаласының тұрғыны Александр Алексеев мұны байқап қалып, троспен құтқарған. Үйіне кетуге жиналып жатқанда, суға батқан тағы бір адамды байқап қалған. Әу баста оны мұз үстінде еңбектеп жүр деп ойлаған", - дейді ведомство.
Александр дереу оған да көмектесуге кіріседі. Қасындағы өзге де адамдардың көмегімен екінші адамды аман алып шығады.
Жаңалықтар
0