"Өсімпұл есептелмейді": судан зардап шеккен кәсіпкерлердің кредиті кейінге қалдырылады

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Жазылу
Нұрлан Байбазаров банктер жеке кәсіпкерлердің несиелері бойынша төлемдерін кейінге қалдыратынын, айыппұлдар мен өсімпұлдардың өспейтінін айтты
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бизнес өкілдері кәсіпорындардағы қазіргі ахуал және келтірілген шығындар туралы айтып, су тасқынына қатысты өздерін толғандыратын сұрақтар қойды.
Вице-премьер мемлекет бизнес-қоғамдастыққа қажетті қолдау көрсететінін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдармен байланыста болуды сұрады.
"Көпшілігіңіздің өндірістік процестер ғана емес, шикізатпен қамтылу, логистика және өткізу мәселелеріне әсер ететін күрделі жағдайға тап болғандарыңызды түсініп отырмыз. Келтірілген шығын туралы әрбір мәлімдеме жеке қаралады. Бұл бірінші кезекте шағын және орта бизнеске қатысты", -— деді Нұрлан Байбазаров.
Сонымен қатар ол банктер мен микроқаржы ұйымдары ШОБ субъектілері мен жеке кәсіпкерлердің несиелері бойынша төлемдерін кейінге қалдыратынын, айыппұлдар мен өсімпұлдардың өспейтінін айтты.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиев жиналғандарға түсіністік танытқаны үшін алғысын білдірді. Шамамен 50-ге жуық кәсіпорын су тасқынымен күрес кезінде көмек көрсетіп жатыр.
Бизнес өкілдері су тасқынымен күрес, оның екінші толқыны және қалпына келтіру жұмыстары кезінде көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін айтты. Қажет кезде қосымша ресурстар, техника беріп, сондай-ақ арнайы қорларға қаражат аударады.
Жаңалықтар
0