Мектеп оқулықтары 100 процент цифрлық форматқа көшірілді

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2024
Жазылу
Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ті құрайды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Ведомство мәліметінше, оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.
"Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді", - деп атап өтті білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Қазақстандықтар оқулықтар мазмұнын талқылауға қатыса алады
Жаңалықтар
0