Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕО өкілі Батыс Израильге көрсеткендей Украинаға көмек көрсете алмайтынын айтты

© AFP 2024 / Kenzo TribouillardФлаги Украины и ЕС
Флаги Украины и ЕС - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Батыс елдерінің Украинаға мұндай көлемде қорғаныс жүйесін салуға ақшасы болса да, олар оны бір тәулік ішінде жасай алмайды, деп мәлімдеді Боррель. 

АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Ұшқышсыз ұшақтардан қорғау мәселесінде Батыс Украинаға Израильге көрсеткендей көмек көрсете алмайды, деді ЕО СІМ басшыларының бейнеконференциясының қорытындысы бойынша Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

"Иран Израильге шабуылы кезінде Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Иорданиядағы базаларға соққы жасады. Сондықтан бұл мемлекеттер өзін-өзі қорғау үшін жауап ретінде әрекет етті. Украинада мұндай базалар жоқ болғандықтан, біз Киевке Израильмен бірдей көмек көрсете алмаймыз: жағдай мүлдем басқа", - деп түсіндірді ол.

 Дипломат көп жылдар бұрын Израиль елді сыртқы шабуылдардан қорғау үшін "Темір күмбез" жасап, оған қыруар қаржы жұмсағанын еске салды. Алайда, Батыс елдерінің Украинаға мұндай көлемде қорғаныс жүйесін салуға ақшасы болса да, олар оны бір тәулік ішінде жасай алмайды, деп мәлімдеді Боррель. 

Сонымен бірге шенеунік егер ол Владимир Зеленскийдің орнында болса, ол да көмек сұрайтынын мойындады. 

Сенбі, 13 сәуірде Иран Израильге шабуыл жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 185 ұшқышсыз ұшақ, 36 қанатты зымыран және 110 "жер-жер" принципі бойынша жұмыс істейтін зымыран атылған. Снарядтардың басым бөлігін Тель-Авив елден тыс жерде атып түсірді деген болжам бар.
Шабуылдарды тойтаруға америкалық және британиялық әскер қатысты.
Жаңалықтар
0