Су тасқыны болған аймақтарда 17,5 мыңнан астам адам өз үйіне оралды

© Photo : Пресс-служба акима Абайской области Абай облысындағы су тасқыны
Абай облысындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Бес облыста 5 677 жеке тұрғын үй, 1 326 аула аумағы су астында қалып отыр
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Су тасқыны болған аймақтарда 17 547 адам өз үйіне оралды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"6 932 адам, оның ішінде 3 111 бала эвакуациялау пункттерінде қалып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 142 адам, оның ішінде 40 833 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.
Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
3 873 тұрғын үй мен 2 502 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 9,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3 млн астам қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 677 жеке тұрғын үй, 1 326 аула аумағы су астында қалып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Кустовое, Вагулина, Красноярка, Соколовка, Долматово ауылдарынан, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының саяжай алаптарынан, Ақмола облысы Жақсы ауданының Есіл ауылынан, Жарқайың ауданының Львовское ауылынан, Қостанай облысында Жангелдин ауданының Тәуіш ауылынан 2 834 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттеріне және туыстарының үйлеріне орналастырылды.
"Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында 47 аула аумағы су астында қалды", - деп хабарлады құтқарушылар.
Қапшықтарды төсеу, арық жүйесін тазарту және суды бұру жұмыстары жүргізілді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 46 мың адам, 4 634 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0