"102" пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 21 мыңнан астам хабарлама түскен

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Жазылу
34 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған
АЛМАТЫ, 18 сәуір - Sputnik. Жыл басынан бері "102" пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 21 мыңнан астам хабарлама түскен. 34 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандардың айтуынша, жаңа құжат 2017 жылы күшін жойған "жеңіл дене жарақаты үшін қылмыстық жауапкершілік" деген бөлікті қолданысқа қайта енгізді. Енді олар жеңіл жазамен құтылып кете алмайды.
"Қазір "әкімшіліктен" "қылмыстыққа" ауыстырған баптар бойынша жазалардың ең қатаң түрі 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 25 тәулікке дейін қамау қарастырылған. Енді міндетті түрде дене жарақатын келтіру есепке алынбайды. Егер жәбірленуші маған ауырсыну келтірді десе болды, оған ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.
Жаңа заң балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі бойынша қатаңдады. Ал мемлекеттік орган өкілдері, кәмелетке толмаған немесе мүгедектігі бар балаларды орналастыратын арнайы мекемелерді ескертусіз тексеруге мүмкіндік алды.
"Отбасындағы қатынастың ең бір бөлігі ол - бала. Сол себепті баланың құқығын қорғауға ұсыныстар енгізілген. Оның ішінде бала шынайы жарақат алатын болса, бала зәбір көретін болса, онда оған арнайы қылмыстық кодекс қарастырылады", - дейді парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2024
Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойды
Жаңалықтар
0