Тоқаев төрт елдегі елшіні ауыстырды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Жазылу
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі тағайындалды
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Оман Сұлтандығындағы, Сауд Арабиясы Корольдігіндегі және Корей Халық Демократиялық Республикасындағы елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Ал Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Жаңалықтар
0