Қазақстандық ескекшілер Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

© Photo : Сайт НОК Казахстана Сергей Емельянов и Тимур Хайдаров
Сергей Емельянов и Тимур Хайдаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден іріктеу турнирінде қазақстандықтар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каномен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті.
Бұл сында тек бір квота ойнатылған болатын. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды.
Осылайша қазақстандық экипаж Олимпиада лицензиясының иегері атанды.
Итальянская скелетонистка Валентина Маргальо на XXIV зимних Олимпийских играх в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Спорт
Қысқы жасөспірімдер олимпиадасы: ел қоржынында қанша жолдама бар
Жаңалықтар
0