Батыр Сардарбеков спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

© Photo : Минцифры РКЗолото завоевал казахстанец Батыр Сардарбеков на ЧМ по спортивному программированию
Золото завоевал казахстанец Батыр Сардарбеков на ЧМ по спортивному программированию - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2024
Жазылу
Ол Harbour Space University командасының құрамында өнер көрсетті
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Мысырда өткен спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатында қазақстандық Батыр Сардарбеков алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сардарбеков финалда Harbour Space University (Барселона, Испания) командасының құрамында өнер көрсетті. Олар турнир кезінде бірден көш бастап, финалда жеңіске жетті. Қазақстанның спорттық бағдарламашылары 20 жылдан бері ICPC жарыстарына қатысып келеді. Осы жолы алғаш рет тарихи жетістікке жетті.
Финалда қазақстандық командалар да өнер көрсетті. Олар: Astana IT Университет (Астана), Қазақ-британ техникалық университеті (Алматы), Назарбаев Университет (Астана), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы). Екеуі финалға дейін жеткен. Қазақстанның атынан қатысатын командалардың саны жыл сайын артып келеді.
Биыл ICPC World Finals 2024 чемпионаты Қазақстанда өтеді. Финал қыркүйек айында Астанада ұйымдастырылады.
Торжественная церемония поднятия флага Казахстана состоялась в рамках Азиатских Пара игр Ханчжоу-2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Спорт
2023 жылдың қорытындысы: қазақстандық спортшылардың жеңісі мен жеңілісі
Жаңалықтар
0