ЕАЭО-дағы құрылыс екі айда 4,8%-ға өсті

© Sputnik/Ертай Сарбасов Алматыдағы құрылыс
 Алматыдағы құрылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО-ның өнеркәсіп өндірісі 3,8%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 4,8%-ға, бөлшек сауда айналымы 10,5%-ға өсті
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Жүк айналымы осы кезеңде Қырғызстанда (8,8%-ға) және Қазақстанда (1,6%-ға), жолаушылар айналымы – Қырғызстанда (11,2%-ға), Ресейде (10,6%-ға), Беларусьте (8,6%-ға) және Қазақстанда (7,6%-ға) өсті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті.
ЕАЭО-да тіркелген жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 0,9%-ын құрады.
ЕЭК деректері бойынша Арменияда өнеркәсіп өндірісі 28,9%-ға, Қырғызстанда 7,8%-ға, Беларусьте 7,1%-ға, Ресейде 6,6%-ға және Қазақстанда 4,6%-ға өсті.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімі Беларусьте (6,9%-ға), Қырғызстанда (1,4%-ға), Қазақстанда (1,3%-ға) және Ресейде (0,2%-ға) ұлғайды.
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі Қырғызстанда ең көп өсіп, 47,3%-ды құрады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 12,7%-ға, Беларусьте 5,1%-ға, Ресейде 4,5%-ға өсті.
Жүк айналымы Қырғызстанда 8,8%-ға, Беларусьте 1,6%-ға және Ресейде 1,3%-ға, жолаушылар айналымы Қырғызстанда 11,2%-ға, Ресейде 10,6%-ға, Беларусьте 8,3%-ға және Қазақстанда 7,6%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымы да өсті – Қырғызстанда (16,2%-ға), Беларусьте (12,6%-ға), Ресейде (10,7%-ға), Қазақстанда (4,7%-ға), Арменияда (4,4%-ға) артты.
Жаңалықтар
0