Алты өңірде жергілікті өзендердегі су деңгейі төмендеп жатыр

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVВид на затопленный поселок Покровка, примерно в 90 км от города Петропавловск, на севере Казахстана, недалеко от границы с Россией
Вид на затопленный поселок Покровка, примерно в 90 км от города Петропавловск, на севере Казахстана, недалеко от границы с Россией - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. 6 облыста жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ", - деп жазылған хабарламада.
5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, 1 мың аула аумағы мен 91 ғимарат су астында қалып отыр.
Зардап шеккен елді мекендерге су жеткізу, энергиямен жабдықтау және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелері министрліктің үйлестіруімен жедел шешілуде.
Жаңалықтар
0