Үкімет тасқын салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бүлінген үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Бұл тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары. Келтірілген залалды өтеу жергілікті әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізілетін болады. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі.
"Тұрғындар көмекті мүліктің зақымдану сипатына қарай, біреу 150 АЕК, біреу 50 немесе 80 АЕК және т.б. ала алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыларға төленетін 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын", — деп атап өтті ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.
Жаңалықтар
0