Тоқаев: Бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства наградил Президента Кыргызстана Садыра Жапарова орденом "Достық" I степени
Глава государства наградил Президента Кыргызстана Садыра Жапарова орденом Достық I степени
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
"Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Сонымен қатар президент ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналатынын атап өтті.
"Биыл біз бұрын-соңды болмаған "алапат тасқынмен" бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!", - деді мемлекет басшысы.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Тоқаев тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге бес ай уақыт берді
Жаңалықтар
0