Елорда тынысы

Астанада тағы жеті автобус жолағы енгізіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтобусная полоса
Автобусная полоса - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2024
Жазылу
Bus Lane жобасы алғаш рет 2015 жылы 26 шілдеде енгізілді
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астананың жеті көшесінде Bus Lane енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Автобус жолақтарының жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болады. Көшелер:
Мәңгілік ел даңғылы;
Тұран даңғылы;
Тәуелсіздік даңғылы;
Керей Жәнібек хандар көшесі;
Ұлы Дала даңғылы;
Р. Қошқарбаев даңғылы;
Ш. Айтматов көшесі;
"Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді. Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, Bus Lane жобасы алғаш рет 2015 жылы 26 шілдеде енгізілді. Ол кезде Момышұлы мен Абылай хан даңғылында автобус жолағы пилоттық режимде іске қосылды. Қазіргі кезде қалада автобустар үшін және 27 жолақ бар, жалпы ұзындығы - 100,5 шақырым.
Жаңалықтар
0