Худжанд қаласындағы Худжанд бекінісі. Архивтегі сурет

"Шымкент" кварталы Тәжікстанның Худжанд қаласында пайда болады

32
(Жаңартылды 08:29 15.09.2016)
Худжанд қаласында "Шымкент" кварталының ашылу салтанаты болып өтті. Аталған шара бауырлас қалалардың өзара сыйластығының белгісі ретінде әрі екі мемлекеттің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

АСТАНА, 31 там — Sputnik. "Шымкент" кварталы  Тәжікстанның Худжанд қаласында пайда болады деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық делегация Тәжікстан Республикасы Согдий облысына сапармен барған болатын. Сапар аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Согдий облысының төрағасы Абдурахмон Кодиримен кездесті. Тараптар бауырлас қалалар Шымкент пен Худжанд арасындағы өзара әрекеттестікті талқылап, түрлі саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

"Бұл күні Худжанд қаласында "Шымкент" кварталының ашылу салтанаты болып өтті. Аталған шара бауырлас қалалардың өзара сыйластығының белгісі ретінде әрі екі мемлекеттің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр", — делінген хабарламада.

32