Әлем

Самарқанда Ислам Каримовтің мемореалдық кешені ашылды

CC0 / LoggaWiggler / Самарқан
Самарқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2016 жылғы 2 қыркүйекте көз жұмды

АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. 2 қыркүйек күні Самарқанның орталығында Ислам Каримовтың қабірінде мемориалдық кешен ашылады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. 

ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра орталығы Ескерткіштер мен көлікті жерлерді сақтау жөніндегі халықаралық кеңеспен бірлесіп бір жыл ішінде жоба бойынша жұмыс жүргізілді. 

"Осы ынтымақтастық нәтижесінде мавзолейді салу бойынша барлық жұмыстардың ЮНЕСКО-ның ұсыныстары мен қатаң критерийлеріне сәйкес жүргізілгеніне қуаныштымыз.  Орталық Азиядағы сәулет өнерінің ең үздік элементтері мен дәстүрі жинақталған мавзолей 2 қыркүйек күні — әкемнің дүниеден өткеніне бір жыл толған кезде ашылады", — деп атап өтті Лола Каримова-Тилляева Самарқандтағы халықаралық конференция қарсаңында сөйлеген сөзінде. 

Ислам Каримов елді 25 жылдан астам уақыт бойы басқарды. Тұңғыш президенті 2016 жылғы 2 қыркүйекте 78 жасқар қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды. Ол өз елінде Самарқанда жерленген болатын. 


Жаңалықтар
0