Сиыр

Мөңкіген сиыр әйел адам мен милиционерді қағып кетті

141
(Жаңартылды 19:08 03.10.2017)
Иесі жүк көлігіне тиегелі жатқанда, сиыр үркіп қашып кеткен

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Бішкек орталығында мөңкіген сиыр әйел адам мен жануарды ұстамақ болған милиционерді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

​Бішкек тұрғындары бүгін қала орталығында мөңкіген сиырға куә болды. Бұл жайтты адамдар видеоға түсіріп алыпты.

Сөйтсе, сиырды күндіз сатып алған иесі оны Мәскеу және Панфилов көшелері қиылысында көлікке тиеп жатқанда, жануар үркіп қаша жөнелген. Полицейлер мөңкіген сиырды бірден ұстай алмады.

 

Сиырды ұстамас бұрын милицонер мен әйел адамды қағып кеткен. Зардап шегуші әйел ауруханаға жатқызылды.

141
Загрузка...