Әлем

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатынан қаза болды

© Sputnik / Табылды КадырбековСәния Шәкірова
Сәния Шәкірова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмыстағы әйелдер арасындағы сұлулық патшайымы мінген такси зираттың қоршауына соғылды

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Miss Universe Beauty халықаралық конкурсының 2018 жылғы жеңімпазы, қырғызстандық Сәния Шәкірова жол апаты салдарынан көз жұмды.   

Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, апат 2 маусым күні кешке Қырғызстанның Чок-Тал ауылына жақын маңда болған. Такси жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік зираттың қоршауына соғылған. Көлікте барлығы үш адам болған.   

Шәкірова ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған. Екінші жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.   

Шәкірованың артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды.

© Photo : АЙЖАН НҰРЛАНБЕКОВАСәния Шәкірова
Сәния Шәкірова - Sputnik Қазақстан
Сәния Шәкірова

Осы жылдың сәуірінде Miss Universe Beauty халықаралық сұлулық байқауында 30 жастағы Сәния Шәкірова "Missis World" номинациясын жеңіп алды. 

Ол соңғы сұхбатын сәуірдің соңында Sputnik Қырғызстанға берді. Онда Шәкірова 17 жасында Мәскеуге барып, сұлулық салондарында жұмыс істегенін жасырмай айтқан болатын. Бірнеше жыл бұрын Қырғызстанға оралып, өз елінде сұлулық салонын ашқан. Ал екі ай бұрын ғана"Әлем миссисі" титулын жеңіп алған болатын.      


Жаңалықтар
0