Әлем

Әзербайжандағы митинг: екі полицей қаза тапты

© Sputnik / Али Кямал / Медиабанкке өтуӘзербайжан полициясы
Әзербайжан полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіпсіздікке қатысқандар қала басшысына жасалған қастандық ісі бойынша ұсталғандарға қолдау көрсету үшін алаңға шыққан

АСТАНА, 11 шілде- Sputnik. Әзербайжанның батысындағы Гянджа қаласында тәртіпсіздік кезінде 2 полицей қаза тауып, 40 адам ұсталды, деп хабарлайды Әзербайжанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып РИА Новости.

Референдум - Sputnik Қазақстан
Әзербайжанда президенттік мерзімді ұзарту бойынша референдум өтті

Бұған дейін жергілікті БАҚ хабарлағандай, полиция Гянджадағы рұқсат етілмеген митингтің жолын кескен. Екі полицей зардап шегіп, 30 адам ұсталған. Тәртіпсіздік ұйымдастырғандар қала басшысы Эльмар Велиевке жасалған қастандық ісі бойынша ұсталғандарға қолдау көрсетпек болған.

"10 шілдеде сағат 20.00 кезінде радикалдық діни ағымды ұстанатын 150-200 адам Гянджа қаласының атқарушы билігі ғимаратының алдындағы алаңда өрескел тәртіп бұзбақшы болды. Тәртіпсіздікке қатысушылар полиция қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспай, оларға түйреу-кесу заттарымен қарсылық көрсетті", — деп жазылған ІІМ-нің хабарламасында.
Полиция митингке шыққан 40 адамды ұстаған, қалғандары қашып кеткен.

"Қаланың орталығында тәртіп шамамен 30 минутта толықтай қалпына келтірілді. Өкінішке қарай, алаңға шыққандарды тәртіпке шақыру кезінде радикалдық ағымдағылардың жарақатынан полицияның екі офицері — полковник Ильгар Балакишиев пен полковник-лейтенант Самед Аббасов көз жұмды", — деп хабарлады ІІМ.

Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыстың барлық ұйымдастырушысы мен қатысушысын жауапкершілікке тарту үшін қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", — деп мәлім етті министрлікте.

Бұған дейін Әзербайжан билігі Гянджи атқарушы билігінің басшысы мен оның оққағарына шабуыл жасалып, олардың зардап шеккенін хабарлаған еді. Күдікті 35 жастағы Ресей азаматы Юнис Сафаровты полиция оқиға орнында ұстады.

Алматы түбінде полиция майоры қаза тапты

 

Жаңалықтар
0