Балта

"Үйден шық!". Әкеден қалған дүние үшін ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді

2249
(Жаңартылды 17:58 16.08.2018)
Самарқанда ағасы мен жеңгесін балтамен өлтірген адам 22 жылға сотталды

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Өзбекстанның Самарқан облысында жылжымайтын мүлік үшін таласып, ағасы мен жеңгесін балтамен ұрып өлтірген Бахтиёр Шукуров 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Самарқан облыстық соты 12 тамызда Бахтиёр Шукуровты Қылмыстық кодекстің 97-бабы, 2-тармағы ("Бұрын жасаған қылмысын қайта жасап, қасақана кісі өлтіру") бойынша айыпты деп танып, 22 жыл жазасын қатаң режимдегі түрмеде өткізу жөнінде шешім шығарды. Оған рақымшылық жасалмайды, деп хабарлады centralasian.org. 

14 наурызда Самарқан облысының Пайшанба қаласында тұратын Бахтиёр Шукуров ата-анасынан қалған үйден шығуды талап еткен 58 жастағы ағасы Абдукаххар мен 55 жастағы жеңгесі Максудты балтамен ұрып өлтірген.

Бахтиёр Шукуровтің туыстары Озодлик (Азаттықтың өзбек қызметі) тілшісіне сот шешіміне көңілдері толатынын жеткізді. Олардың айтуынша, Шукуров 2003 жылдан 2014 жылға дейін "тонау" және "кісі өлтіру" бабы бойынша түрмеде отырып шыққан. 2014 жылы Өзбекстан президенті жариялаған рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шыққан.

Жасөспірім оқушыларға балтамен тап беріп, ғимаратты өртемек болған

2249
Кілт сөздер:
баспана, жылжымайтын мүлік, қылмыс, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Ақмола облысында ақсақал ұлын немерелерінің көз алдында пышақтап өлтірді
Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
Ақмола облысында үйінді астында қалған экскаватор жүргізушісі көз жұмды
Жамбыл облысында қызға таласқан жігіт сотталып кетті
Дәрігер. Архивтегі фото

Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

491
(Жаңартылды 18:40 24.05.2020)
5 мамырда елге белгілі қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаевтың денсаулығы нашарлап, ауруханаға жатқызылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қырғызстанда парламенттің (Жогорку Кенеш) экс-спикері, қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаев 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қырғызстанның республикалық штабы.

5 мамырда Мұқар Шолпанбаев Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оған коронавирус диагнозы қойылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Дәрігерлер COVID-19 инфекциясы салдарынан ер адамның бойында екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі және тағы басқа сырқаттардың пайда болғанын атап өтті.    

Сондай-ақ ол жүрек, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен қатар ауырған.  

"Шолпанбаев ауруханаға 5 мамырда түсті. Денсаулығының нашарлауына байланысты жан сақтау бөліміне ауыстырылды, ал бүгін, сағат 12:10-да реанимациялық шараларға қарамастан қайтыс болды", - деп жазылған республикалық штабтың хабарламасында.

Мұқар Шолпанбаев 1995-1996 жылдары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің спикері қызметін атқарды, Қырғызстан парламенті экс-спикерлері қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.

Қырғызстандағы коронавирус

Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда коронавирус инфекциясын 1443 адам жұқтырды. Елде індеттен 15 адам қайтыс болды.

491
Кілт сөздер:
Қырғызстан, парламент, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы 403 адам коронавирус жұқтырды, өсім - 5,1%
Эпидемия басталғалы Қытайда тәулік ішінде бірде-бір адам коронавирус жұқтырмады
Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың жаппай ауыру себебі айтылды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады 
Астаналықтар әлемдік антирейтингте көш бастап тұр
Жаңа қаулы: астаналықтарға карантинде не істеуге рұқсат етілді, ал неге тыйым салынды
От, архивтегі сурет

Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды

8500
(Жаңартылды 15:44 29.04.2020)
Әлиақбар Юлдашевке өрт сөндіру қызметінде жұмыс ұсынылды. Алайда ол Қазақстан азаматтығынан бас тартқысы келмеді

АЛМАТЫ, 29 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Кореяның Янян уезінің билігі он адамның өмірін сақтап қалған Әлиақбар Юлдашевты марапаттау рәсімінде оған жұмыс ұсынды. Алайда қазақстандық болашақта елге оралуды жоспарлап отырғанын айтып, ұсыныстан бас тартты.

Янян уезінің өрт сөндіру станциясының басшысы Ко Чана Хо Әлиақбарды жұмысқа шақырды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

"Янянда шетелдіктің Корея азаматтарын құтқару бірінші рет болып отыр. Әли әрбір көршісіне өрт шыққанын хабарлап, үйден өздігімен шыға алмайтындарды құтқарды. Ол қауіптен қорыққан жоқ, адамгершілік танытты, өте керемет іс жасады", - деді Ко Чан Хо.

Қазақстандықтың жұмыстан бас тартуы оңтүстіккореялықтарды таңғалдырды. Жергілікті өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеу үшін Әлиақбар Қазақстан азаматтығынан бас тарту керек.

"Өмірімнің соңына дейін бұл жерде қала алмаймын. Үйде, Түркістанда болғым келеді. Ешқандай ақшаға алмастырмаймын", - деді ол.

Алайда кореялықтар Юлдашевке алғысын өзгеше білдіру жолын тапты. 

Корея билігі Әлиге емделуге арналған виза ұсынды. Ол қазақстандыққа бұл елде жарты жыл болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оған Кореяда тұруға ықтиярхат беру мәселесі қарастырылады.

Бұған қоса, ірі кореялық компанияның бірі карантин аяқталған соң Әлидің жары мен екі баласын Түркістаннан Янянге жеткізеді.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда 2007 жылдан бері заңсыз қызмет етіп жүрген қазақстандық Әлиақбар Юлдашевтың 23 наурыз күні он адамды өрттен құтқарғаны хабарланған болатын.

8500
Кілт сөздер:
ұсыныс, өрт, Қазақстан, Оңтүстік Корея
Тақырып бойынша
Тірідей жанып кетер еді: 72 жастағы қария мүгедек әйелін өлімнен құтқарды
Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне сый жасады - фото
Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды
Қазақстан Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салды
Адамның қолы

Алматы маңында бойжеткеннің денесі табылды

125
(Жаңартылды 17:20 01.06.2020)
Әсел Панарғалиева өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 1 маусым — Sputnik. Құтқарушылар жарты жыл бұрын жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесін 31 мамыр күні Үлкен Алматы көлінің маңында тапты.

Алматы полиция департаменті растады.

"Әсел Панарғалиеваның денесі табылғанын растаймыз. Іс Бостандық ауданы полиция басқармасында тергелетін болады. Қазіргі уақытта сот-медициналық тағы бірқатар сараптама тағайындалды. Толық ақпарат іс аяқталған кезде белгілі болады", - деді Алматыдағы полиция департаменті.

Әсел Панарғалиева 2019 жылдың 9 қарашасында жоғалды. Туыстарының ақпаратына сәйкес, ол жалғыз өзі Үлкен Алматы көлі жақта серуендемек болған. Сол кезден бері ешбір ақпарат болмады.

Іздеу операциясына полицейлер, төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері және волонтерлер қатысты. Таулы аймақтарда қызметкерлер қызды тікұшақпен іздеді.

125
Кілт сөздер:
бойжеткен, Алматы