Әлем

Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік көшпенділер ойынына барады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді
Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүнижүзілік көшпенділер ойынына шақырылған бірнеше мемлекет басшысының қатарында Нұрсұлтан Назарбаев та бар

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда өтетін III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ыстықкөлдің жағалауындағы Шолпан-Ата қаласына 2 қыркүйекте келеді деп күтілуде, деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі. 

Құрметті қонақтардың ішінде сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан, Біріккен Араб Әмірліктері Фуджейра эмиратының ханзадасы шейх Мохаммед бин Хамад бин Мохаммед Аль-Шарки мен Татарстан басшысы Рустам Минниханов бар. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан қатысушы жарақаттанып қалды - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық дүниежүзілік көшпенділер ойынында жарақаттанып қалды

Келесі көшпенділер ойыны Түркияда өтуі мүмкін, деп атап өтті баспасөз қызметі. Бұл мәселені Қырғызстанның мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков пен Режеп Тайып Ердоған Түркия президентінің ресми сапары кезінде талқылайды. 

III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Ыстықкөлде 2-8 қыркүйекте өтеді. 53 елдің қатысушылары 37 ұлттық спорт түрлері бойынша күш сынасады. Қазақстаннан 195 спортшы қатысады. Біздің елдің құрамасы көшпенділер ойынының ірі үштігінің қатарында.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны немесе Азия олимпиадасын Қырғызстан 2012 жылдан бастап өткізіп келеді. Алғашқы ойындар 2014, екіншісі 2016 жылы ұйымдастырылды. 

Жаңалықтар
0