Қазақстанның көкпар құрамасы

Қазақстан құрамасы мәскеулік қарсыласын ойсырата ұтты - видео

184
(Жаңартылды 09:27 08.09.2018)
Қазақстанның көкпаршылары Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола жүлде иеленді

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның көкпар құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарысын аяқтап, елге қола жүлдемен оралады.

Қазақ көкпаршылары мәскеулік қарсыластарына 3-орын алуға ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Отандастарымыз ресейліктерді 17:1 есебімен ойсырата ұтқан.

Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысының финалында әдеттегі "азиялық эль-классико" – Қазақстан мен Қырғызстан тартысы болмайды.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда өзбектерден жеңіліп, жұрттың жағасын ұстатты. Тіпті ұлттық құрамаға қырғыздардан қорқып, әдейі жеңілді деген сын айтылды. 

Қазақстанның көкпар федерациясы түсіндіргендей, Көшпенділер ойындарына тәжірибе жинау үшін жас көкпаршылар жіберілген.

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы есепте 3-орында тұр.

184
Кілт сөздер:
қола жүлдегер, көкпар, Қазақстан, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қазақ көкпаршылары бізбен ойнауға қорқып, өзбектерден әдейі жеңілді – Бегалиев
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында: 12 айшықты фото
Көшпенділер ойындарында қазақ көкпаршылары кімге өкпеледі?
Көшпенділер ойындарында қазақ күресінен шешуші белдесулер қалай өтті – видео
Көшпенділер ойынында қазақстандық бүркіт дүйім жұртты тәнті етті - видео
Қырғызстандағы жарыста Қазақстан көкпаршылары неге алаңға шықпай қалды?
Загрузка...